Мазмұнға өту

Елді мекендерді көріктендіру

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Елді мекендерді көріктендіру – қалалардың, қ.т. поселкелердің, ауылдар мен селолордың курорттар мен көпшілік дем алатың жерлердің территорияларында халық денсаулығына ыңғайлы, таза, мәдени жағдай туғызу үшін жүргізілетін жұмыстар мен шаралар жиынтығы.[1] Елді мекендерді көріктендіру территорияның инженерлік жабдықталуына, ауа бассейндерінің, бөгендері мен топырағының санитарлық-гигиеналық дәрежесіне байланысты. Ол территорияның инженерлік дайындығын, жол салу, қала транспорты дамыту, бас ғимарат құрылыстары мен коммуналдық сумен жабдықтау жүйесін, канализация жүргізу, энергиямен жабдықтау т.б. жұмыстарын, көгалдандыру, климатты жақсарту, ауа бассейнін, ашық бөгендер мен топырақты таза сақтау, санитарлық тазалық, қала шуын азайту сияқты шараларды қамтиды.

Совет Одағындағы көріктендіру шаралары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Революцияға дейінгі Ресейде елді мекендерді көріктендіруді өрістеудің техникалық мүмкіндігі болмады. Совет өкіметі күрделі қаржының едәуір бөлігін елді мекендерді көріктендіруге жұмсайды. Елді мекендерді көріктендірудің дәрежесі өнеркәсіптік және тұрғын аудандарды рационалды және комплексті орналастыруға, халықтың еңбек етуіне, тұрмысына, қоғамдық қызметі мен дем алуына неғұрлым қолайлы жағдай жасайтын қоғамдық, мәдени-тұрмыстық мекемелері бар қалалар мен орталықтар жүйесіне байланысты. Елді мекендерді көріктендіруде коммуналдық шаруашылық мекемелері үлкен роль атқарады. Олар коммуналдық жүйелер мен кәсіпорындардың (жылу электр орталықтары, жылыту жүйелері, қоқыс зауыдтары т.б.), қала транспортының, коммуналдық-тұрмыс мекемелерінің (монша, кір жуатын, тұрмыс комбинаттары және т.б.) үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, қөоғамдық, тұрғын үйлерді, спорт ғимараттарын, парктерді неғұрлым тиімді пайдалануды іске асырады.[2]

Елді мекенді көріктендіру жобасы

Совет Одағында көріктендіру шаралары қаланы өркедетудің бас жоспарында ескеріледі. Жаңа қалалар мен ескі қаланың тұрғын аудандарын салуда территорияны қала құрылысының негізгі талаптарына қарай таңдап алудың маңызы үлкен. Қаланы реконструкциялау кезінде қаладағы тоғандар мен өзен жағлауларын нығайту, жағалау жолдарын, транспорт жолдары мен жер атсы өкілдерін, жол жабындыларын жетілдіру, жер асты коммуникацияларын салу жөніндегі жұмыстар қаланы көріктендіру шараларына жатады. Сыртқы ортаны тазарту мақсатында өнеркәсіп орындарын тұрғын аудандардан біртіндеп көшіру, олардың технологиялық процестерін өзгерту, аппаратураны герметиздеу, тиімді тазалағыш қондырғылар енгізу, жылыту орындарын түтіні аз газға көшіру, түтінді тез сейілдіретін биік трубалар орнату т.б. сияқты ұйымдастыру жұмыстары ескерілді.

Жаңа өнеркәсіп орындарын, темір жол станциялары мен тораптарды, жылу электр орталықтарын қазіргі санитарлық нормалар негізінде тұрғын аудандардан тиісті қашықтыққа салады. Сонымен қатар ауаны және тоғандарды барынша таза сақтау қарастырылады. Өнеркәсіп орындары территорияларын көгалдандырудың, қоғамдық және жеке меншіктік транспорттар қоятын орындар жүйесін ұйымдастырудың т.б. маңызы зор.

Қазақстандағы көріктендіру шаралары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстанда көріктендірудің жоғары мәдениеті сақталған, мәдени-тұрмыс орындары ескерілген, жаяу адам жолдары, транспорт жолдары мен жер асты өкілдері, спорт алаңдары т.б. жасалған, көшелері ағашқа, мәдени өсімдіктерге толы қалалар мен поселкелер де көп. Қала да транспорт қозғалысының өсуімен байланысты көшелерді көріктендіру, оның жабындысын жақсарту, жер асты өткелдерін жасау, көшелерді, саябақтарды, жағалауларды, бау-бақшаны, скверлерді жарықтандыру жұмыстарының да көлемі өседі. Жылу, электр, газ жүйелерін, коммуналдық қазандарды, газ зауыдын тиімді ұйымдастыру – елді мекендерді көріктендіру дәрежесін арттыру және санитарлық жағдайын жақсарту жолындағы елеулі факторлардың бірі. Электр энергиясын жылытуға және тамақ дайындауға пайдлану қаланы көріктендірудегі перспективалық бағыт болып отыр. Көк өсімдіктер жүйесі жергілікті жердің микроклиматын жақсартады, қала шуын азайтады, желден, қардан қорғайды, топырақты нығайтады. Қала маңын, халықтың жаппай дем алатын аймақтарын көгалдандырудың да адамды қоршаған ортаны санитарлық жақсартуда маңызы өте зор.
Совет Одағында елді мекендерді дамытумен қатар оларды көріктендіру ісіне аса көңіл бөлінген. КОКП бағдарламасында былай деп көрсетілген: «Алдағы дәуірдің ішінде коммуналдық құрылыстың және барлық қалалар мен жұмысшы поселкелерін көркейтудің кең бағдарламасы жүзеге асырылады, мұның өзі оларды электрлендіруді, қажетті дәрежеде оларға газ беру ісін, телефондыруда аяқтауды, коммуналдық транспортпен және су құбырларымен, канализациямен қамтамасыз етуді талап етеді, қалалардағы және басқа да елді мекендерді тұрмыс жағдайларын онан әрі жақсарту шараларын, оның ішінде ол қалалар мен елді мекендерді көгалдандыру, суландыру ісін жүзеге асыруды, ауаның топырақ пен судың ластануына қарсы батыл күрес жүргізуді талап етеді» (КОКП, ХХІІ съезінің материалдары, 1962.).[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақ Совет Энциклопедиясы”, ІV том
  2. Основы советского градостроителства, т.1-4, [М., 1966-1969]
  3. Страментов А.Е., Бутягин В.А., Планировка и благоустройство городов, 2 изд., М., 1962