Ақжелкен
Ақжелкен | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||
17 түрі белгілі |
Ақжелкен , петрушка (лат. Petroselinum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір немесе екі жылдық өсімдік. Отаны — Жерорта теңізінің маңы. Жабайы түрлері Испанияда, Грекияда және Алжирде кездеседі.
Жапырағынан көктей салат жасалады және бұқтырылған ет тағамдарға тұздық ретінде қосылады. Ақжелкенді косметикада пигменттік дақтарды, сепкілді кетіру үшін, медицинада бүйрек, жүрек ауруларына, асқазан, ісік және көздің көру қабілетін сақтау үшін профилактикалық зат ретінде кеңінен пайдаланады. Ақжелкен С, А, В1, В2, РР витаминдеріне және жұпарлы майға өте бай. Ақжелкеннің екі тобы бар: тамырлы және жапырақты және олар бір-бірінен жапырақ саны мен тамырдың даму ерекшеліктері арқылы ажыратылады. Қазақстанда Ақжелкеннің 5 түрі өседі.[1]
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Flat-leaved Parsley
-
Flat-leaved Parsley flower
-
Flat-leaved Parsley white flower
-
Immature seeds
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |