Тремолит
Тремолит (Альпідегі Тремола аңғарына байланысты аталған) – амфиболдар тобының минералы; актинолит-феррактинолит изоморфтық қатарының шеткі мүшесі. химиялық формуласы: Ca2Mg5[Sі4O11](OH,F)2; құрамы: SіO2 – 58,08%, MgO – 24,6%, CaO – 13,8%, H2O – 2,8%. Қоспалары: Na, Fe, Mn, Cr. F мен OH-тың мөлшері минералдың түзілу температурасына байланысты. Моноклиндік сингонияда кристалданып, ұзын призма, ине, шаш тәріздес кристалдар түзеді. Минералдық агрегаттары сәуле, талшық, сояу тәріздес. Түсі ақ, жылтырлығы шыныдай; қаттылығы 5,5 – 6, жіктілігі жетілген, тығыздығы 2,9 – 3,0 г/см3. Тремолиттің жасырын кристалды түрі – нефрит, ал жіңішке талшықтысы асбест деп аталады. Доломиттердің, әктастардың интрузиялармен жапсарында, аймақтық метаморфизмнің төменгі сатыларында түзіледі. Сарыарқаның кейбір скарндық кендерінде кездеседі. Кейде Тремолит асбест орнына жұмсалады. Тремолит — силикаттар класының амфиболдар тобына жататын минерал; ұзын призма, ине, агрегаттары — сәуле, талшық, сояу тәрізді. Түсі — ақ, жылтырлығы шыныдай; қаттылығы — 5,5—6, жіктілігі (110) жетілген, ара бұрышы —56°; меншікті салмағы — 2,9-3,0. Т. —төмен температуралы жапсар-термалық және аймақтық метаморфизмге тән минерал.[1][2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 8 том
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология. А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Бұл — геология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |