Лайза Миннелли

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Лайза Миннелли
Liza Minnelli
Сурет
Лайза Миннелли 2008 жылы
Жалпы мағлұмат
Туған күні

12 наурыз 1946 (1946-03-12) (78 жас)

Туған жері

Лос Анжелес, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актриса, әнші

Белсенді жылдары

1949қазіргі уақытқа шейін

IMDb

ID 0591485

Лайза Миннелли (ағылш. Liza Minnelli, 12 наурыз, 1946) — америкалық актриса, «Оскар сыйлығы» сыйлығының номинанты. Джуди Гарленд акрисаның және Винсент Миннелли режиссерінің қыздары.

Лайза теледидардан ең бірінші рет үш жасында «Старым добрым летом» фильмінен көрінеді. 1949 жылы шыққан бұл фильмнің басты рөлін Лайзаның анасы және Ван Джонсон ойнайды. 1951 жылы Гарленд күйеуімен ажырасып, Лайза анасымен қалады. Кейін анасы басқа жігітпен үйленіп, Джо атты бауыры мен Лорна деген сіңілі дүниеге келеді. Лайзаның анасы есерткімен әуестеніп, жас қыз бауырларына өзі қарайды. Оған қарамастан, 17 жасынан анасымен бірге сахнада өлең айтып, театрларда өнерін көрсетеді. Екеуінің қарым-қатынасы жақсы болғанымен, араларында талас болып жатқанын өздері де мойындайды.

Альберт Финнимен «Чарли Бабблз» фильміне түсүі Лайзаға үлкен жетістік болады. Екі жылдан соң, «Бесплодная кукушка» фильмінде жасөспірімнің рөліне ие болып, «Оскар сыйлығы» жүлдесінің номинанты атанған. 1972 жылы «Кабара» фильміне түскен соң, бүкіл әлемге танымал атанады, үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. 1980 жылдары фильмдерде аз көріне бастайды. 1981 жылы «Артур» фильмінде Линда Маролланың рөлін ойнайды.

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лайза төрт рет күйеуге шыққан. Бірақ бәрі де ажырасумен аяқталды.

  • Питер Аллен (3 наурыз 1967 — 24 шілде 1974).
  • Кіші Джек Хэйли (15 қыркүйек 1974 — 22 сәуір 1979).
  • Марк Гиро (4 желтоқсан 1979 — 15 қаңтар1992).
  • Дэвид Гест (16 наурыз 2002 — 25 шілде 2003).