Женттас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Базальт сынықтарынан цементтелген Женттас.

Женттас, брекчия (итал. breccіa — сынық) — шөгінді тау жынысы; әр түрлі жыныстардың сынықтарының кесектелуінен (цементтелуінен) пайда болады. Женттас кесектерінің ірілігіне қарай жақпартасты (ірілігі 1 м-ден асатын), дөңбектасты (10 — 100 см) және малтатасты (1 — 10 см) болады. Кесектердің арасын құм, алеврит түйірлері, сазды, кремнийлі, карбонатты, темір гидроксидті материалдар толтырады. Олар түзілу тегіне қарай шөгінді, карсты, химиялық, жанартаулық және тектоникалық болып бөлінеді. Женттастың кейбір түрлері кен орындарын іздеу белгісі болып табылады. [1]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы,3 том