Телеөлшеу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
20:09, 2011 ж. тамыздың 29 кезіндегі Rake (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Жаңа бетте: '''Телеөлшеу''' ({{lang-el|tele}} — алыс) - тексерілетін объекті параметрлерінің өлшеніп ал...)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Телеөлшеу (гр. tele — алыс) - тексерілетін объекті параметрлерінің өлшеніп алынған нәтижелерін қашықтыққа жіберуге арналған әдістер мен техникалық құралдарды қамтитын телемеханика тарауы. Телеөлшеу кезінде өлшенетін шама байланыс арнасы бойымен жіберу үшін жіберу процесінде оның өзгерісі өлшеу бағасына әсер етпейтіндей сигналға түрлендіріледі. Өлшеу нәтижелерін қайта түрлендіру және мағынасын amy аналогты түрде (осциолографтың немесе көрсеткі электр өлшеуіш аспаптар көмегімен) немесе цифрлық түрде (цифрлық индикаторлар көмегімен) жүруі мүмкін. Автоматты түрде өлшеу үшін және өлшенген нәтижелерді алысқа жіберу үшін арналары жиіліктікпен және уақытпен бөлінген телеөлшеуішті жүйелер пайдалнылады.[1]

Пайдаланған әдебиет

  1. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.