Тұрап Айдаров

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
09:44, 2011 ж. тамыздың 4 кезіндегі Rake (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
Навигацияға өту Іздеуге өту

Тұрап Айдаров (20 қараша 1933 жылы Келес ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы ауылда туылған – 7 наурыз 1994 жылы Ташкент қаласында қайтыс болды) – ақын, ғалым. Филология ғылымдарының доктары (1982), профессор (1985). Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1956). 1956 – 57 ж. орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі, 1957 – 85 ж. Ташкенттің Низами атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы, доценті, 1985 – 94 ж. қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. [1]

1981 ж. «Өзбекстан қазақтары лексикасының ареалдық сипаты» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Негізгі еңбектері қазақ тілінің диалектологиясы мен лингвистикасы географиясына арналған. Бұл салада Өзбекстанды мекендейтін қазақтардың тілі жөнінде бірнеше монографикалық еңбектер мен зерттеулер жариялады. «Қазақ тілінің лексикалық ерекшеліктері» (1975), «Лингвистикалық география» (1977), «Проблемы диалектной лексикологии и лингвистической географии» (1991) атты ғыл. еңбектері, сондай-ақ «Жайнай бер, жұлдызым» (1974), «Қоңыр жел» (1977), «Ашық аспан» (1980), «Шие» (1981), «Көңіл салтанаты» (1989) деген жыр жинақтары жарық көрген.[2][3]

Пайдаланған әдебиет

  1. Қазақ энциклопедиясы, 1-том
  2. Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: “Аң арыс” баспасы, 2009
  3. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6