Азия және африка елдері жазушыларының симпо­зиумы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
14:20, 2011 ж. тамыздың 3 кезіндегі Rake (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
Навигацияға өту Іздеуге өту

Азия және африка елдері жазушыларының симпо­зиумы - халықаралық әдеби форум. 1968 ж. 20 - 24 қыркүйекте ташкент қаласында өткен. Симпозиум екі күрлық жазушылары Ташкент конференциясының 10 жылдығына арналды. Негізгі жұмыс тақырыбы "Әдебиет және қазіргі заман" деп аталып, ол "Жазушының әлеуметтік прогресс және халықтар бостандығы үшін күрес жолындағы рөлі", "Классикалық мұра және қазіргі әдебиет" деген бағытта өтті. Симпозиумға 35 елден, оның ішінде Еуропа, Америка, Австралия және КСРО-дан көрнекті жазушылар қатысты. [1]

Пайдаланған әдебиет

  1. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6