Коммерциялық банктер
Коммерциялық банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну және т.б.) салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер; кредиттік жүйенін негізгі звеносы.[1]
Коммерциялық банктер, олардың жіктелуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазіргі коммерциялық банктер — бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді.
Коммердиялық банктер деп, бұл жерде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
- 1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
- мемлекеттік;
- акционерлік;
- жеке;
- пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
- аралас (шетел капиталының қатысуымен).
- 2. Операцияларының турлеріне қарай:
- әмбебап, яғни экономиканың барлықсалаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
- маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
- 3. Аумақтық белгісіне қарай:
- халықаралық;
- мемлекетаралық
- ұлттық;
- аймақтық;
- 4. Салалық белгісіне қарай:
- өнеркәсіптік банктер;
- сауда банктері;
- ауыл шаруашылық банктері;
- құрылыс банктері;
- басқа.
- 5. Филиалдар санына қарай:
- филиалсыз;
- кеп филиалды.
Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден қүралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.
Жай акция — оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға күқык береді. Ал артықшылығы бар акция — оның иесіне коғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға косқан өз үлесін алуға құқық береді.
Егер де банк жауапкершілік шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе кұрылтайшылары өздерінетиісті үлес шегінде ғана оның міндетгемелеріне жауап береді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық нысанындағы байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатынасушылары, жеке және занды тұлғалар есебінен кұрылады. Және олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал, оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасындағы банктік жүйеде 01.01.2009 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік акционерлік қоғам нысанындағы банктер, соның ішінде екі банк кана мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға: Қазақстан Даму банкі мен Тұрғын үй құрылысы банкі, ал шетел капиталының қатысуымен (100 - 10 банк, 50% — аса - 6 банк) құрылған банктерде саны - 16, онын ішінде еншілес банктер— 11.
Банктік сектордың кұрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Банктік сектордың кұрылымы | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Екінші деңгейдегі банктердін саны, с.і: | 55 | 47 | 44 | 32 | 34 | 35 | 34 | 33 | 35 | 37 |
— жарғылық капиталға 100% мемлекеттің қатысуымен | 1 | 1 | 2 | 2 | 2 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 |
ЕДБ-дің филиалдар саны | 426 | 418 | 400 | 368 | 355 | 385 | 418 | 324 | 352 | 379 |
Есеп айырысу-кассалық бөлімшелер саны | 1065 | 964 | 1020 | 1005 | 1023 | 1106 | 1312 | 1489 | 2028 | 2167 |
ЕДБ-дің шетелдегі өкілдіктерінің саны | 2 | 5 | 7 | 9 | 10 | 11 | 17 | 22 | 17 | 14 |
ҚР-ғы бейрезидент-банктердің өкілдіктерінің саны | 17 | 15 | 12 | 13 | 20 | 18 | 18 | 23 | 26 | 31 |
Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінің қатысушы-банктерінің саны | 12 | 18 | 19 | 22 | 29 | 34 | 33 | 32 | 33 | 35 |
Кастодиандық қызмеггі жүргізуге арналаған лицензиясы бар банктер саны | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | 9 | 11 | 9 | 10 | 10 |
90-жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл, олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, 95-жылдың орта кезінен бастап, 2000 жылғадейін Халықаралық стандартқа өтуі барысында банктеріміздің саны бірден кысқарды, әрине бұл құбылысты, олардың интенсивтік немесе сапалық өсуімен байланыстыруға болады.
2009 жылдың 1 қаңтарына Қазақстандағы жұмыс жасайтын банктер саны 37 құрады, соның ішінде Алматы қаласында 32 банк, 31 филиал және 284 есеп айырысу-кассалық бөлімдер қызмет етеді.
Жалпы банктердің 90%-ының бір ірі қалада болуы банк капиталының республиканың өзге өңірлерде дұрыс бөлінбеуіне ықпал етуін көрсетеді. Банктердің тек Алматы қаласында шоғырлануы, оның бұрынғы астана, қазіргі қаржы орталығына айналу себебіне байланысты болып отыр.
Біздің ойымызша, банктердің қатарында бүгінгі күні өңірлік банктер жетіспейді, қазіргі банктердің өңірлерде филиалдарын ұстауы аймақтардың экономикалық жағынан толық қамтамасыз ете алмайтыны сөзсіз, сондықтан ендігі жерде өңірлердің ез банктерінің ашылу мәселесін шешу қажет.
Халықаралық сарапшылардың бағалауынша 15 млн. халқы бар ел үшін 33 банк көптік жасайды екен. Банктердің кептігі банктердің бәсекелестігін арттыра түсетіндігін ескерсек, Үкіметтің «үлкен үштіктің» банк нарығын монополияландыруы туралы айтылған сыны орынсыздау сияқты көрінеді. Әсіресе «үлкен үштіктің» банктік қызметтер нарығын монополияландыруы, олардың банктік топ құруымен тікелей байланысты болып отыр.
Қазақстан Республикасында бүгінгі күні мынадай банктерден кұралған 9 банктік топ қызмет етуде:
- «Қазкоммерцбанк» АҚ,
- «ТұранӘлемБанкі» АҚ,
- «Қазақстан Халык Банкі» АҚ,
- «Темірбанк» АҚ,
- «ЦентрКредитБанкі» АҚ,
- «НұрБанк» АҚ,
- «Каспий Банкі» АҚ,
- «АБН АМРО Қазақстан Банкі» ЕБ АҚ,
- «АСҚ Банкі» АҚ.
Еншілес банктердің немесе шетелдік банктердің қызмет етуінің біздің банктік сектордың дамуы үшін оң және теріс әсер етуі мүмкін. Оң жағы ондай банктердің болуы бәсекелестікті тудыра отырып, банктің қызметтері мен операцияларының сапаларын арттыруға ықпал етеді. Яғни жаңа технологиялармен жұмыс жасауға ынталандырады. Ал теріс әсері бүгінгі күні олардың көбі, шетелден қарыз алуға жатысты бар мүмкіндіктерін пайдаланып, банктердің сыртқы қарыздарының өсуіне ықпал етуде.
2003—2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк секторы экономикалық өсу, халықтын, табысының, нақты сектор кәсіпорындарының несиелік қабілеттілігінің есуі жөне халықаралық капитал нарығындағы қаржы ресурстарынын, арзандауы жағдайында дамыды. Осы факторларға байланысты банктердегі халықтың салымдарының және банктердің жиынты0 активтерінің көлемінің өсуі негізделді және банктердің жоғары несиелік белсенділігі мен жалпы банк 0ызметі ауқымының өсу үрдісі айқындалды.
Отандық банктердің сыртқы экономикалық қызметін кеңейтудің бір жолы болып шетелдерде және ТМД елдерінде өкілеттіктері мен еншілес банктерін ашу болып табылады. Бүгінгі күні отандық банктеріміздің 14 өкілдіктері республикамыздан тысқары жерлерде қызмет етуде. 2005 жылы «АСҚ банкі» АҚ-ның Ресей Федерациясында және «Альянс Банк» АҚ-ның Қырғызстанда еншілес банктері ашылды. Осындай тәсілмен, 2006 жылы Қазақстанның 4 коммерциялық банкінің көрші мемлекеттерде орналасқан 5 еншілес банкі пайда болды.
2009 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерінің қаржылық көрсеткіштері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- мың теңгемен
Банктің атауы | Активтер | Оның ішінде заемдар | Міндеттемелер | Меншікті капитал |
---|---|---|---|---|
«КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ | 2 493 408 621 | 2 546 948 940 | 2 234 252 444 | 259 156 177 |
«БТА Банк» АҚ | 2449 863 696 | 2 595 393 642 | 3 471 703 200 | -1 021 839 504 |
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ | 1 150 352 391 | 891 270 843 | 1 056 169 289 | 94 183 102 |
«БанкЦентрКредит» АҚ | 1013 843 544 | 688 788 580 | 924 033 523 | 89 810 021 |
«Альянс Банкі» АҚ | 534 242 248 | 679 847 221 | 1 064 226 915 | -529 984 667 |
«KASPI BANK» АҚ | 319 206 537 | 235 359 574 | 286 617 478 | 32 589 059 |
«Евразийский Банк» АҚ | 313 025 328 | 164 031 147 | 284 714 655 | 28 310 673 |
«Нұрбанк» АҚ | 297 990 205 | 256 121 210 | 253 045 475 | 44 944 730 |
АҚ ЕБ «БанкТұранӘлем» — «Темірбанк» АҚ | 283 540 842 | 276 064 016 | 268 450 988 | 15 089 854 |
«RBS (Kazakhstan)» ЕБ» АҚ | 173 991553 | 49 480 867 | 154 296 478 | 19 695 075 |
«Ситибанк Казахстан» АҚ | 159 715 841 | 32 106 503 | 143 088 481 | 16 627 360 |
«Ресей Жинақ банкі» АҚ ЕБ | 152 583 766 | 87 038 189 | 117 620 592 | 34 963 174 |
«ЦЕСНАБАНК» АҚ | 149 557 109 | 99 069 691 | 131 416 165 | 18 140 944 |
«HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ | 117 483 778 | 56 435 954 | 107 779 888 | 9 703 890 |
«Қазақстандағы Қытай Банкі» ЕБ АҚ | 95 106 186 | 1 666 455 | 85 683 274 | 9 422 912 |
«Казинвестбанк» АҚ | 75 475 706 | 56 364 317 | 64 551 239 | 10 924 467 |
«Қазақстанның Тұрғын үй кұрылысы жинақ банкі» АҚ | 65 171 066 | 38 026 283 | 48 975 746 | 16 195 320 |
«ЭКСИМБАНК КАЗАХСТАН» АҚ | 51 633 768 | 47 294 431 | 38 687 285 | 12 946 483 |
«Альфа-банк» ЕБ АҚ | 41 833 340 | 16 947 443 | 33 231 027 | 8 602 313 |
«Delta Bank» АҚ | 27 761 676 | 17 970 564 | 21 228 750 | 6 532 926 |
«Банк Позитив» АҚ | 15 128 079 | 5 062 736 | 9 983 329 | 5 144 750 |
Астана-Финанс банкі АҚ | 15 083 504 | 11 493 057 | 9 790 246 | 5 293 258 |
«КЗИ БАНК» ЕБ АҚ | 10 978 101 | 4 780 616 | 5 383 223 | 5 594 878 |
«Хоум Кредит Банк» АҚ | 10 839 463 | 9 603 030 | 6 976 467 | 3 862 996 |
«AsiaCreditBank» ББ» АҚ | 7 349 801 | 3 355 216 | 3 513 340 | 3 836 461 |
Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕҰ | 6 100 608 | 26 108 | 6 074 500 | |
«ТПБК» АҚ | 5 668 910 | Example | 3 156 917 | 2 511 993 |
«Шинхан Банк Казахстан» АҚ | 5 394 532 | 259 851 | 5 134 681 | |
«МЕТРОКОМБАНК» АҚ | 5 318345 | 3 473 037 | 3 635 465 | 1 682 880 |
«Заман-Банк» АҚ | 3 814 087 | 3 281 879 | 380 045 | 3 434 042 |
«ТАИБ ҚАЗАҚ БАНКІ» ЕБ АҚ | 3 648 553 | 2 029 213 | 1 375 356 | 2 273 197 |
«Сенім-Банк» АҚ | 3 126 591 | 2 208 575 | 860 821 | 2 265 770 |
«Данабанк» АҚ | 3 018 865 | 2 245 481 | 1 508 233 | 1 510 632 |
«Мастербанк» АҚ | 2 688 948 | 1692 216 | 527 345 | 2 161 603 |
«Казинкомбанк» АҚ | 1 886 798 | 940 259 | 364 966 | 1 521 832 |
Пәкістан ҰБ Қазақстандағы ЕБ АҚ | 1 398 273 | 514 004 | 341871 | 1 056 402 |
Жиынтығы | 2 102 229 066 | 10 145 712 903 | 12 650 225 046 | -547 995 980 |
Қазақстан банк секторының экономикадағы рөлі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көрсеткіштер | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
ЖІӨ, млрд теңге | 3 250,6 | 3 747,2 | 4 612,0 | 5 870,0 | 7 453,0 | 10 139,5 | 13 315,2 |
Активтердің ЖІӨ-ге қатынасы, % | 25,1 | 30,6 | 36,3 | 45,8 | 60,6 | 87,5 | 87,7 |
Несиелік қоржынның ЖІӨ-ге қатынасы, % | 15,9 | 19,1 | 23,6 | 30,9 | 41,1 | 59,1 | 66,6 |
Меншікті капиталдың ЖІӨ-ге қатынасы, % | 3,8 | 4,3 | 5,1 | 5,9 | 7,9 | 11,5 | 13,4 |
Депозиттердің ЖІӨ-ге қатынасы, % | 15,0 | 18,6 | 21,1 | 27,4 | 33,9 | 46,5 | 48,2 |
2002 жыддан бастап, экономикалық өсудің жыл сайын орта есеппен 10% тұрақты өсуге ие болуына банктердің активтерінің әсуі ықпал еткендігі белгілі. Банк активтерінің есуіне келсек, олардың өсуі экономикаға және жеке тұлғаларға берген несиелер көлемінің артуымен байланысты болды. 2002 жылдан бастап, 2008 жылдың 1 каңтарына дейін банктік сектордың активтерініц ЖІО-гі үлесі 25,1%-дан 87,7%-ға дейін 3,5 есе өскен. 2002 жылдан бастап, 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін несиелік қоржынның ЖІӨ-гі үлесі де 15,9% -дан 66,6%-ға дейін 4,2 есе өскендігі байқалады.
2002 жылдан 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін банктердің меншікті капиталының ЖІО-гі үлесі де 3,8%-дан 13,4%-ға артып, шамамен 3,5 есе өскендігін байқауға болады. Меншікті капиталдың артуына біріншіден, банктердің активтерінің өсуіне қарай жеткілікті мөлшерде норматив бойынша капитал деңгейін ұстау қажеттігі себеп болса, екіншіден банктердің субординирленген қарыздарының артуы және олардың кейбірінің шетелдік нарықта өздерінің бағалы 0ағаздарын ІРО-ға шығаруы да ықпал етті. Ал депозиттерге келсек, олардың да ЖІӨ үлесі 2002 жылдан бастап, 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін 15,0%-дан 48,2%-ға, яғни 3,2 есе артып отыр. Банктердегі клиенттердің депозиттерінің өсуі де халыктың табыстарының артуымен, яғни олардың артық ақша көлемінің пайда болуымен тікелей сипатталады.
Банк секторының тұрақтылығының өзгермелі көрсіткіштері, (% бойынша)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көрсеткіштер | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Қызмет көрсетілмейтін несиелер (несиелердің жалпы сомасынан) | 2,1 | 2,1 | 2,0 | 2,1 | 2,9 | 2,2 | 1,6 | 1,5 |
Несиелер бойынша залалдарға құрылған провизиялар: | ||||||||
- несиелердің жалпы сомасына | 4,5 | 4,7 | 5,4 | 6,2 | 6,7 | 5,6 | 5,0 | 5,0 |
- жіктелген (күмәнді жөне үмітсіз) несиелердің жалпы сомасына | 19,5 | 15,1 | 20,6 | 15,8 | 15,3 | 13,4 | 10,5 | 9,2 |
Банк жүйесі бойынша капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) | 25,7 | 18,6 | 17,7 | 17,2 | 16,9 | 15,9 | 14,5 | 14,4 |
Банк жүйесі бойынша ағымдағы өтімділік коэффициенті (к4) | 1,0 | 0,8 | 0,8 | 0,9 | 1,1 | 1,0 | 1,5 | 1,6 |
Банк секторының тұрақтылығының өзгермелі кәрсеткіштеріне жоғары кестеде берілген көрсеткіштер жатады. Ондағы банк активтерін басқаруда ең маңызды көрсеткіш ретінде қызмет көрсетілмейтін несиелердің (үмітсіз) үлесі 2000 жылы 2,1%-ды құраса, ал 2007 жылы 1,5%-ға дейін төмендегендігін көруге болады.
Несиелер бойынша залалдарға құрылған провизиялардың берілген несиелердің жалпы сомасына қатысты үлесі 2000 жылы 4,5%-ды құраса, ал 2007 жылы 5%-ға дейін ескен, ал олардың жіктелген (күмәнді жене үмітсіз) несиелердің жалпы сомасы 2000 жылы 19,5%-ды құраса, ол керсеткіш 2007 жылы 9,2%-ға дейін төмендеген. Банк жүйесі бойынша капиталдың жеткіліктілік коэффициентінің (к2) мәні (нормативтік мөні 0,12) 2000 жылы — 25,7-ден 2007 жылы 14,4-ке дейін азайған, оның себебі банктер активтерінің өсуіне капиталдың өсуін тек қана пруденциалдық норматив деңгейінде қолдауымен сипатталады. Банк жүйесі бойынша ағымдағы өтімділік коэффициентінің (к4) мәні (нормативтік мәні 0,3) 2000 жылы — 1,0-ден 2007 жылы 1,6-ғадейін артқандығы байқалады.
Банк жүйесінің жай-күйі квбінесе банктердің меншікті капиталының көлеміне байланысты. Оғаны қатысты іс жүзінде әлемнің көпшілік елдерінде барлық пруденциялық нормативтер есептелінеді.
Біздің ел сияқты дамушы елдердін банк жүйесінің өзіндік ерекшеліктері, ондағы банктердің капиталдану деңгейінің төмендігімен сипатталады. Бұл мәселені Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев соңғы үш жылдағы қаржыгерлердің конгресінде көтерді. Жасыратыны жоқ біздің отандық банктеріміздің капиталы өте төменгі жағдайда.
Қазақстан Республикасындағы ЕДБ-дің меншікті капиталының жеткіліктігінің серпіні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көрсеткіштер | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | ! 2004 | 2005 | 2006 | 2007 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Жиынтык меншікті капитал, млрд теңге, о.і.: | 97,6 | 122,1 | 161,2 | 223,5 | 346,8 | 587,2 | 1168,6 | 1781,8 |
1-деңгейлі капитал, млрд теңге | 68,9 | 90,7 | 110,6 | 153,3 | 229,1 | 368,4 | 816,5 | 1 283,7 |
2-деңгейлі капитал, млрд теңге | 32,7 | 35,4 | 55,7 | 87,9 | 128,4 | 218,7 | 385,4 | 560,9 |
3-декгейлі капитал, млрд теңге | 1,5 | 1,5 | ||||||
I деңгейлі капиталдың барлық активтер сомасына қатынасы (к1) | 0,11 | 0,11 | 0,9 | 0,11 | 0,08 | 0,08 | 0,09 | 0,11 |
Меншікті капиталдың тәуекел дәрежесіне қарай топтасқан активтерге және баланстан тыс міндеттемелерге қатынасы (к2) |
0,26 | 0,19 | 0,18 | 0,17 | 0,17 | 0,16 | 0,15 | 0,14 |
Кестеден керіп отырғанымыздай банктеріміздің меншікті капиталы соңғы жылдары онша қатты өспеген. 2008 жылдың 1 қаңтар айына капиталдың мөлшері 1 781,8 млрд. теңгені немесе 14,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Мұны салыстырмалы түрде қарасақ АҚШ-тағы банк капиталының ЖІО-ге қатысты шамасынан 10 есе немесе Шығыс Еуропа елдерінен 35 есе, ал Германиядан 25 есе кіші болып келеді.
Егерде әлемдегі үш ірі банктің жиынтық капиталы 145 млрд. АҚШ долларын құраса, онда оның мөлшері біздің отандық банктеріміздің капиталынан шамамен 10 есе үлкен болып келеді.
Банктер капиталының төмеңдігінің, біздің ойымызша мынадай себептері орын алуда, атап айтсақ соңғы жылдары пруденциялдық нормативтер қатарындағы жарғылық капиталдың ең төмегі мөлшерінің 2 млрд теңгеден 1,5 млрд теңгеге дейін төмендетілуі, банктердің ағымдағы пайдасын капиталды өсіруге жұмсағаннан гөрі, оның құрылтайшылары арасында белінуі, бағалы қағаз нарығының дамымауы, яғни банктердің қосымша акцияларды эмиссиялау және оларды орналастыру мүмкіндігінің шектеулігі және т.с.с.
ҚР-ғы ЕДБ-дің жарғылық капиталдырының серпіні, млрд.теңге
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бүгінгі банктеріміздің меншікті капиталын ұлғайту көзі ретінде тек қана акцияларды шығару амалы қалуда. Бір айта кететіні, кейбір ірі банктеріміз өздерінің акцияларын депозитарлық қолхат арқылы шетел нарығына орналастырып отырғаны да жасырын емес. Бұл шаралар аталған банкке қатысты Қазақстан Республикасының Қаржылық қадағалау агенітігі тарапынан күмән туғызуы мүмкін.
Банк активерінің ЖІӨ-ге қатынасы 2000 жылдың 20,3% құраса, 2007 жылы оның көлемі 87,7% мөлшеріне дейін ескендігін көреміз. Банк активтері өскен сайын банктің капиталы да сәйкесінше өсуге тиіс. Әрине активтердін, ЖІӨ-ге қатысты мөлшері 4 есеге артқан.
Меншікті капиталдың ЖІӨ-ге қатынасы 2000 жылдың 3,7% құраса, 2007 жылы оның келемі 13,4% мелшеріне дейін 3 есеге өскен.
Бұл жерде активтерге қарағанда меншікті капитал көлемінің баяу өскендігі байкалады. Оған себеп, меншікті капитал өсуіндегі қиындықтардың орын алуы. Атап айтсақ, банктердің негізгі бөлігі акционерлік банктер, яғни олардың акцияларын шығарып орналастыруда бағалы қағаздар нарығының тиісті деңгейде дами алмай отыру себеп болуда.
Банк ресурстарының өсуі банк активтерінің, соның ішінде табысты активтерінің артуына септігін тигізді. Экономикадағы қаржылық қажеттілікті қанағаттандыру үшін банктер қаражат тартуға тиіс. Банктердің жиынтық активтеріне қатысты олардың міндетгемелері де өсіп отыр. Банктердің экономикаға қызмет етуін қамтамасыз ететін ресурстарға банктің тартылған қаражаттары жатады.
Банктің тартылған қаражаттары да банк активтерімен қатар өсуде. Бұл жерде банктің тартылған қаражаттарының ішінде депозиттердің өсуі байқалады. Банктің тартылған қаражаттары 2000 жылдан бастап алғанда бүгінгі күнгедейін 20 есе артып, 2007 жылдын,маусым айына 8715,4 млрд теңгені құраған.
Қазақстандық банк жүйесіне қатысты халықтын, сенімінің артуын соңғы жылдардағы банктердегі депозиттер көлемінің артуынан байқауға болады. Соңғы 8 жыл ішінде банктердің депозиттері 12 есе артып, нәтижесінде 2007 жылы 3480,7 млрд теңгені құрады. Ал депозиттердің ЖІО-ге қатынасы 2000 жылы 11,3% және 2006 жылы 39,1%-ға дейін өскен.
Тартылғын қаражаттар құрылымындағы депозиттердің өсуіне сондай-ақ 2001 жылы Қазақстан Республикасында жүргізілген рақымшылық шаралары да ықпал етті. Соның нәтижесінде заңсыз экономикалық айналымнан 480 млн АҚШ долларында азаматтардың арнайы шотына салынып, олардың 55 пайызы әртүрлі депозиттерге орналастырылды.
Қазақстандык банктер қазіргі кезде халықаралық қарыз құралдарының нарығынан синдицирленген займдар тарту, облигацияларын шығару және активтерін секьюритизациялау арқылы ресурс тартуда белсенділік танытуда. Әрине, мұндай шаралар банктердің ұзақ мерзімді қарыздар тартуға мүмкіндік жасаумен қатар, банк міндеттемелері мен активтері арасындағы уақыт бойынша алшақдықты қысқартады.
Заемдық капиталының сыртқы нарықтарында банктердің белсенділік көрсетуі банк секторының ел тәуекеліне ұшырау қаупін күшейтіп жіберді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қаржылық қадағалау агентгігі меншікті капиталдын, жеткіліктілігі есебін, оның ішінде ел тәуекелін ескеруді көздейтін екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтер есебінің әдістемесі мен нормативтік мәні туралы нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Атап айтканда, бейрезиденттің кредиттік рейтингіне қатысты банктің кредиттік тәуекел есебін кездейтін резидент емес ұйымдарға қатысты мейлінше жоғары талаптар енгізілді.
Сонымен қатар «Standard & Poor's» агентгігінің «ВВ-» төмен борыштық рейтингі бар немесе тиісті рейтинпік бағасы болмаған резидент еместерге қойылатын талаптар 100% орнына 150% бойынша сараланады.
Қазақстан Республикасындағы ЕДБ-дің табыстары мен рентабельдігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Керсеткіштер | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Таза пайда млрд теңге | 7,1 | 7,4 | 20,6 | 30,1 | 34,9 | 53,1 | 127,5 | 266 |
ROA, % | 1,3 | 0,9 | 1,8 | 1,8 | 1,2 | 1,8 | 1,4 | 2,3 |
ROE, % | 7,3 | 6,1 | 12,8 | 13,5 | 9,2 | 14,1 | 14,6 | 18,6 |
Қазақстан Республикасында банктерді ашуды ұйымдастыру ерекшеліктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері ҚҰБ-нің лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты нысаны бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетін лицензияның дамыған шетелдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы банк кызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық, ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы кағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа валюталық операцияларды жүргізу үшін арнайы лицензия алады. Мұндай лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шетелдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктер бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензия алады. 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
- Банк ашуға рұқсат алу;
- Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
- Банк операцияларын жүргізуге лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес, банкті занды және жеке тұлға ашуға құкылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
- рұқсат алу үшін беретін өтініші;
- құрылтайшылык шарт (түпнұсқа);
- банктің жарғысы (түпнұсқа);
- банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;
- құрылтайшылар туралы мәліметтер;
- құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);
- құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
- егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісім қажет;
- егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда: онын. жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымнын, қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
- банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде - үш жыл, ал олардын, орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде — біржылдық еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с.;
- жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
- жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
- жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
- жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек, оның ішінде: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын калыптастыру жоспары;
- тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі;
- нотариалды түрде куәландырылған, кұрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзіретінің барлығын растайтын құжаты;
- басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер.
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде өкілетті органда қаралады.
Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк ҚҰБ рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Қаржылық кадағалау агентгігінің банк ашуға берген рүқсатын және оның келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Қаржылық қадағалау агенттігінен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден еткен күннен бастап, бір жылғадейін мыналарды орындауға тиіс:
- ұйымдастырушылық-техникаяық шараларды орындау, оның ішінде: Ұлттық Банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;
- жарияланған жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарьща аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатгы беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде ҚҰБ қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:
- брокерлік — мемлекетгің бағалы қағаздарымен;
- дилерлік — мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;
- кастодиандық;
- клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлеріне ҚҰБ-нен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.
Сонымен катар, Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.
Банктің филиалы — филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға кұқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, занды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін ҚҰБ-нің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай кұжаттарды тапсырады:
- Филиал ашуға рұқсат алу әтініші;
- Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;
- Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер.
Шетелдік банктердің Қазақстан Республикасы аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым салынады..
Банктің өкілдігі — банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, занды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.
Банк өкілдігі де Қаржылық қадағалау агенттігінің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін мынадай құжаттарын тапсырады:
- өкілдік ашуға рұқсат алу етініші;
- өтініш жасаушы банктің, кұрылтайшылық құжаттары;
- Қазақстан Республикасы аумағында өкілдік amy туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;
- өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған
лицензиясынын. барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша расталымы;
- аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға жасалған жылдық есебі;
- өтініш жасаушы банктің Қазақстан Республикасы аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша хабарламасы;
- өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы мәліметтер.
Еншілес банк — жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға.
Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ кассасы) — Қазақстан Республикасы аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе екілеттік мәртебесі жоқ, занды тұлға емес, Қазақстан Республикасы Ұлттык банкінің келісімі негізінде құрылатын банктің аумақтық бөлімшесі.
Қазақстан Республикасы ҚҰБ-нің екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұқсаты мынадай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін:
- банк тарапынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралуы туралы шешім қабылдау;
- банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінін қабылдануы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытка дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;
- банк зандылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген операцияларды жүзеге асыруы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеуі;
Қазақстандык тәжірибеде басқа дамыған шетелдік тәжірибелер сияқты жарияланған жарғылық капиталдың төленген жарғылық төленген капиталдан айырмашылығы болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сәйкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50%-дан кем емес бөлігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды бағалылықтар мен (ғимарат, техникалар, автокөлік) теленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғни 50%-ға жуығы жыл бойына салынуға тиіс.
Жарияланған жарғылық қордың 50%-ының ақшалай түрдегі сомасы сол банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материалдық бағалықтары бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті кұрушы акционерлердің жалпы жиналысындағы акті бойынша қабылданады.
Коммерциялық банктердің қызметін басқару құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Коммерциялық банктердің ұымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдык бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялык банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді камтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.
Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы — акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл жиналыста мынадай міндетгер шешіледі:
- банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
- банктің жарғылық капиталын өзгерту;
- банктің Кеңесін сайлау;
- банктің жылдық есебін бекіту;
- банктің табысын бөлу;
- банктің құрылымдық немесе еншілес белімшелерін құру және тарату.
Екінші басқару органы — банктің қадагалау кеңесі болып табылады. Банктің бақылау кеңесі — банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде, келесідей міндеттерді шешеді:
- нормативтік актілерді бекітеді;
- Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәмілелерді бекітеді.
Келесі басқару органы - бұл басқарма (Банк кеңесі). Басқарма (банк кеңесі) - атқарушы немесе өкілеггі орган, яғни ол банктің иелерінен, оның акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.
Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:
- банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
- банктің саясаттарын жасау;
- жетекшілік қызметке кадрлар тандау;
- комитеттерді кұру;
- ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.
Басқарма төрағасы — бұл банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол банк кызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрагасьіна мынадай міндеттер жүктеледі:
- банктің қызметіне катысты барлық сұрақтар бойынша бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;
- барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, онын, ішінде шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық сұрақтар бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;
- банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;
- банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
- еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғалары- мен келісімдер (контрактілер) жасасу.
Ревизиялық комиссия — банк қызметіне қаржылык есептің дұрыстығы жағынан бақылау жасаушы орган болып табылады.
Несивлік комитет — бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы орган.
Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:
- несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
- несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
- несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу нысандарын анықтайды;
- несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
- несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
- несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);
- берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
- банктің несиелік стратегиясын жасайды;
- несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
- несиелік комитеттің мәжілісі хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.
Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік-шарушылық бөлімі жәнет.с.с. кіреді.
Ал банктің функционалдык құрылымына барлық департаменттер мен бөлімдер жатады. Мысал ретінде Банк ЦентрКредит АҚ-ын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымына тоқталайық.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
- ↑ Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2011. — 368 бет. ISBN 978-601-288-026-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |