Қатысушы:Мирамқызы Зарина/зертхана

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
21:23, 2023 ж. сәуірдің 25 кезіндегі Мирамқызы Зарина (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Жаңа бетте: {{Қатысушы зертханасы}} <!-- БҰЛ ҚАТАРДАН КЕЙІН ЖАЗЫҢЫЗ --> '''Қос бейіт кесенесі''' — Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Терісаққан ауылының маңында орналасқан. ==Аңыз== Қос бейіттің маңайын өз заманында көпшілікке әмірі жүріп тұрған, бай адам жайлайтын болған екен....)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қос бейіт кесенесіАқмола облысы, Жақсы ауданы, Терісаққан ауылының маңында орналасқан.

Аңыз

Қос бейіттің маңайын өз заманында көпшілікке әмірі жүріп тұрған, бай адам жайлайтын болған екен. Байдың ай десе аузы, күн десе көзі бар бойжеткен қызы болған деседі. Байдың мыңғырған жылқысын барымташыларға бермей, итқұсқа жем қылмай, қалған жылқышыға бас-көз болып жүретін бір мықты жігіт болыпты. Сол жігіт байдың жан дегенде жалғыз қызына ғашық болады, қыз да жігітті ұнатып қалады. Жігіт араға жеңгелерін салып, қызбен кездесіп сөз байласады. «Ел құлағы елу» дегендей, бұл хабар қыз әкесіне де жетеді. Өз есігінде жалданып жүрген кедей жігітке қыз беруді өзіне ар санаған бай қолшоқпарларына бұйырып жылқышы жігітті өлесі қылдырып соққыға жығады. Жігіт жақын бір жамағайының үйінде төсек тартып жатып, қызды алып қашуды мақсат қылады. Ақыры соққыдан жазылып, есін жиған жігіт ат баптап, уәделескен уақытта бай қызын алып қашады. Сөйтсе, бай жігітті аңдытып қойған екен, сақ отырған бір топ адам екі жасты қуғындап береді. Астындағы аттары қанша жүйрік болса да көп адам жабыла қуып, ұстауға айналады. Бұл көктемгі қар суы еріп, Терісаққан өзенінің тасып жатқан уақыты екен. Қуғыншылар ұстауға таяп қалған соң, екі жас амалсыздан ат-матымен өзенге қойып кеп кетсе керек. Былайғы кезде беті ғана жыбырлап, шым-шымдап ағатын Терісаққан көктем сала буырқана тулап, арындап ағатын болса керек, қос ғашықты ағызып ала жөнеледі. Қатты ызаға бой алдырып, қуып келе жатса да қызының ажал тырнағына ілінерін білген бай екі жасты құтқаруға қанша тырысқанымен долы өзен шыр айналдырып, тереңіне тартып кетеді. Жалғыз қызынан айырылған бай өзінің тым қатты кеткеніне өкініп, тірісінде қосылмаған екі жасты жер қойнына қатар жерлейді. [1]

Дереккөздер

  1. Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары. — Астана: Фолиант, 2017. — 504 б.