Мазмұнға өту

Реакция

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
16:10, 2023 ж. сәуірдің 16 кезіндегі Nazerke Nurzhigit (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Сөз қатесін дұрыстадым.)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Реакция[1] (лат. ре… және aktіo — әрекет), химиядареагенттердің химиялық құрамы, құрылысы, қасиеті жағынан өзгеше заттарға (өнімдерге) айналу құбылысы. Химиялық Реакциялардың Реакциялардан айырмашылығы әрекеттесуші жүйедегі атомдардың саны мен түрі өзгеріссіз қалады. Реакцияны шартты түрде химиялық теңдеу түрінде өрнектейді. Химиялық Реакциялар:

  • реагенттердің құрамына кіретін атомдардың тотығу дәрежесінің өзгеруіне байланысты тотығу, тотықсыздану Реакциялары;
  • бастапқы заттар мен Реакция өнімдерінің саны мен құрамына байланысты айырылу, қосылу, орын басу, алмасу Реакциялары;
  • әрекеттесуші жүйеде жылу бөлінетіндігі немесе жылу сіңірілетіндігіне байланысты экзо-, эндотерм. Реакциялар;
  • тура және кері бағытта жүруіне байланысты қайтымды, қайтымсыз Реакциялар,

Реакцияның тармақталған тізбегі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Реакцияның тармақталған тізбегі - тізбек жалғасының әрбір элементар актісіндегі актив бөлшектердің көбеюімен сипатталады.[2][3]

Жарық пен жылу бөле жүретін реакциялар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жарық пен жылу бөле жүретін реакциялар – жану реакциясы деп аталады. Қыздырғанда оттек көптеген металдармен және бейметалдармен шабытты реакцияласып, жылу және жарық бөледі. Жай және күрделі заттар жанғанда әртүрлі оксидтер түзіледі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Химия 8 сынып оқулығы

т.б. түрге бөлінеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақша энциклопедия 7 том
  2. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
  3. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0