Гностицизм
Көрініс
Гностицизм (көне грекше: γνωστικός) — білім, ілім) - христиан дініндегі догматтар мен эллинзмнің идеалистік философиясының, шығыс діни қағидаларының қосындысы болып табылатын діни философиялық ағым. Гностицизмнің шығуына Рим империясының шығыс елдерін өзіне қаратып, олармен мәдени және экономикалық байланыстардың қалыптасуы себепші болды. Гностицизмнің мистикалық ілімі бойынша адам аян беру арқылы білімге жетіп, сол арқылы жанның жай табуына мүмкіндік туғызады, яғни материалдық күнәһар дүниенің бұғауынан құтылады деп аскетизмді уағыздайды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет Энциклопедиясы,3 том