Наси (халық)
Наси – Қытайдың оңтүстік-батысындағы тибет-бирма халқы. Жалпы саны 309 мың адам. (2000, халық санағы), оның 95,5% Юньнан провинциясында.[1][2]
Тілі
Олар қытай-тибет тілдері отбасының тибет-бирма тобына жататын наси тілінде сөйлейді. Дамыған пиктографиялық жазуы мен әдебиеті бар.[3]
Діні
Діні – ламаизм, шамандық, анағұрлым көне нанымдардың (әсіресе ағаш культінің) қалдықтары бар.[4]
Кәсібі
Негізгі дәстүрлі кәсіптері - егіншілік (бидай, арпа, жүгері, күріш, картоп, бұршақ, кендір, мақта), мал шаруашылығы, орман шаруашылығы, металл өңдеу, тоқымашылық. Аңшылық пен терушілік (әсіресе дәрілік шөптер жинау) дамыған.
Өмір салты
Отбасы шағын, патрилинейлік, Нинлан өлкесінде және Сычуаньда матрилинейлік сақталған.
Тұрғын үйлері ағаштан жасалған, қаңқалы-бағаналы құрылыс, тауларда - оюлармен және суреттермен безендірілген бөрене үйлер бар.
Дереккөздер
- ↑ «Көрші» әмбебап мәдени журналы, № 6591-Ж, 2009,05,№ 36
- ↑ Большая российская энциклопедия https://bigenc.ru/ethnology/text/2250503
- ↑ Советская историческая энциклопедия https://gufo.me/dict/history_encyclopedia/%D0%9D%D0%90%D0%A1%D0%98
- ↑ НАСИ https://slovaronline.com/browse/18b929a5-dcc7-30bf-8bac-fc324e929b8a/%D0%BD%D0%B0%D1%81%D0%B8