Мазмұнға өту

Василий Осипович Топорков

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
19:54, 2022 ж. тамыздың 15 кезіндегі Malik Nursultan B (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Malik Nursultan B Топорков Василий Осипович бетін Василий Осипович Топорков бетіне жылжытты)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Топорков Василий Осипович ( 16.02.1889, Петербург, - 24.8.1970, Мәскеу) — орыс совет актері, педагог, профессор, КСРО халық әртісі (1948), өнертану ғылымының докторы (1965). 1909 жылы Петербург театр училищесін бітірді. 1909-1914 жж. Петербургтегі Әдеби-көркемсурет қоғамы театрында, ал 1919 - 1927 жж. Мәскеудегі Корш театрында актер болды. 1927 жылдан өмірінің соңына дейін МХАТ труппасында қызмет етті. Ол сыртқы және ішкі түрлену өнерінің үздік шебері әрі шығармашылық диапазоны кең сахна суреткері болған. Көбіне комедиялық рольдерде ойнады.

Негізгі рольдері:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Чичиков – Гогольдің «Өлі жандары» байынша
  • Оргон – Мольердің «Тартюфында»
  • Берест – Корнейчуктың «Платон Кречетінде»
  • Морич – Кровның «Терең барлауында»
  • Кругосветлов – Л.Толстойдың «Ағарту жемісінде»
  • Эзоп – Фигейредудің «Түлкі мен жүзімінде»
  • Лемм – Тургеневтің «Дворян ұясы» бойынша және тағы да басқа спектакльдер қойып, педагогикалық қызметпен шұғылданды. К.С. Станиславский жүйесін кең насихаттады. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1946,1952). 2 орденмен және медальдармен марапатталған.

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы: Алматы, 1977. 11 том.