Парагвай
Парагвай Республикасы ис. República del Paraguay гуар. Tetã Paraguái | |||||
| |||||
Ұран: «Paz y justicia» | |||||
Әнұран: «Paraguayos, República o Muerte» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 15 мамыр 1811 жыл (Испаниядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | испан және гуарани тілдері | ||||
Елорда | Асунсьон | ||||
Ірі қалалары | Асунсьон, Сьюдад-дель-Эсте | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Парагвай президенті Вице-президент |
Марио Абдо Бенитес Уго Веласкес Морено | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 59-шы орын 406 752 км² 2,3 | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Тығыздығы |
7 152 703[1] адам (104-ші) 17,58 адам/км² (210-шы) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
101,075 млрд.[1] $ (88-ші) 14,131[1] $ (96-шы) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
44,557 млрд.[1] $ (94-ші) 6,229[1] $ (94-ші) | ||||
АДИ (2017) | ▬ 0,702[2] (жоғары) (110-шы) | ||||
Валютасы | Парагвай гуараниі | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .py | ||||
ISO коды | PY | ||||
ХОК коды | PAR | ||||
Телефон коды | +595 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC−4:00 және America/Asuncion |
Парагвай (ис. Paraguay, гуар. Paraguái), ресми атауы – Парагвай Республикасы (ис. República del Paraguay [reˈpuβlika ðel paɾaˈɣwai], гуар. Tetã Paraguái) — Оңтүстік Американың орталық бөлігінде орналасқан мемлекет.[3][4]
- Жер аумағы 406,8 мың км². Халқы 7,2 млн. (2021).
- Тұрғындарының басым бөлігі метистер (95%), сонымен бірге испандар, итальяндар, португалдар тұрады.
- Ресми тілі — испан тілі.
- Халқының көпшілігі (90%) христиан дінінің католик тармағын ұстанады.
- Астанасы — Асунсьон қаласы Мемлекет пен үкімет басшысы — Президент.
- Жоғары заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (сенат, депутаттар палатасы).
- Әкімшілік жағынан 19 департаментке және астаналық округқа бөлінеді. Ақша бірлігі — гуарани.
Климаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Парагвай жері жазықты, ойпатты. Оңтүстік-шығысы — Бразилия таулы үстірті (биікт. 300 — 700 м), солтүстік-батысы — Гран-Чако (500 м) жазығы. Климаты тропиктік. Шілдедегі орташа температура 17 — 19°С, қаңтарда 27° – 29°С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 700 — 2000 мм. Ірі өзендері — Парана және Парагвай. Шығыс бөлігіндегі қызыл топырақты өңірді аралас орман (мәңгі жасыл), батысын бағалы ағаштар (кебрачо, гуаякан, альгарробо, чаньяр) аралас тропиктік орман алып жатыр.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ежелгі заманнан бері Парагвай жерін көптеген үндіс тайпалары мекендеген. Бұлар 16 ғасырға дейін алғашқы қауымдық құрылыстың әр түрлі сатыларында өмір сүрді. 1526 жылдан бастап ел аумағына еуропалық саяхатшылар келе бастады. 1535 жылы Парагвай испан отары болып жарияланып, Перу вице-корольдігі құрамына енді. 17 ғасырда Парагвай жеке генерал-губернаторлық болып бөлініп шықты. Ал елдің оңтүстік-шығысын иезуиттер отарлап, мұнда өз мемлекетін құрды (17 ғасырдың басы). 1768 жылы испан өкіметі иезуиттерді Парагвайдан қуып шығып, олардың жерлерін өз қол астына қаратады. 1776 жылы Ла-Плата вице-корольдігі құрылғаннан кейін, Парагвай соның провинциясы болды. 1810 жылы испан отарларының тәуелсіздігі жолындағы соғыс Парагвайды да қамтыды. 1811 жылы мамырда Асунсьонда болған көтеріліс тәуелсіздік жариялаумен және революциялық хунта құрумен аяқталды. 1814 жылы Х.Г. Франсиа өкімет басына келіп, жоғары билеуші деген атақ алды, ал 1816 жылы ғұмырлық өкімет билігіне ие болды. 1840 жылы ұлттық буржуазия өкімет басына келіп, өнеркәсіп пен сауданы дамытуға бағытталған реформалар жүргізді. Алайда шетелдіктердің кәсіпкерлік қимылына шек қою АҚШ Мұрағатталған 8 ақпанның 2011 жылы., Ұлыбритания, Франция тарапынан кедергі туғызды. 1865 — 70 жылы Аргентина, Бразилия және Уругвайға қарсы жер үшін болған соғыстар нәтижесінде біраз аумағынан айырылды. 1954 — 89 жылы елде А.Стреснердің әскери диктатурасы билік құрды. 1989 жылы билік әскерилерден азаматтық билік өкілдеріне көшіп, демократиялық реформаларға жол ашылды. 1992 жылы маусым айында қабылданған жаңа Конституциясы нәтижесінде елдегі саяси жағдай біршама оңды өзгерістерге ұшырады.
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Парагвай — аграрлық ел. Негізінен мал шаруашылығы дамыған. Ол ел экспортының үлкен бөлігін қамтамасыз етеді. Негізгі ауыл шаруашылық дақылдары: мақта, темекі, кофе, соя, шай, қант құрағы. Ағаш өңдеу, тоқыма, былғары аяқ-киім салалары дамыған. Экспортқа ет, мақта, соя, тері, темекі, қант, кофе шығарып, сырттан мұнай және мұнай өнімдерін, машиналар, құрал-сайман, тұтыну тауарларын әкеледі. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Бразилия, Аргентина, Жапония, ЕО.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b c d e Paraguay. World Economic Outlook Database, October 2018. International Monetary Fund (9 October 2018). Тексерілді, 9 қазан 2018.
- ↑ 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.
- ↑ Латинская Америка в мировой экономике, М., 1991
- ↑ История Латинской Америки, М., 1993. Н. Жанақова
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Paraguay |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
|