Санкт-Петербург
Федералдық деңгейдегі маңызы бар қала | |||||
Сан-Петербор | |||||
Сан-Петербор | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Ел | |||||
Федерация субъектiсі | |||||
Ішкі бөлінісі |
18 аудан | ||||
Губернатор | |||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Координаттары |
59°57′ с. е. 30°19′ ш. б. / 59.950° с. е. 30.317° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 59°57′ с. е. 30°19′ ш. б. / 59.950° с. е. 30.317° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
Құрылған уақыты |
1703 | ||||
Бұрынғы атаулары |
Санкт-Петербург, Петроград, Ленинград | ||||
Жер аумағы |
1439[2] км² | ||||
Биіктігі |
3 м | ||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
▲ 5 351 935[3] адам (2018) | ||||
Агломерация |
5,4 млн (2002) | ||||
Ұлттық құрамы |
орыстар — 84,73 % | ||||
Этнохороним |
петербордық | ||||
Ресми тілі | |||||
Сандық идентификаторлары | |||||
Телефон коды |
+7 812 | ||||
Пошта индекстері |
190000-199406 | ||||
ОКАТО коды |
40 | ||||
Басқалары | |||||
Ресми емес атауы |
Невадағы қала, | ||||
gov.spb.ru (орыс.) | |||||
Сан-Петербор шекарасы
| |||||
Ортаққордағы санаты: Сан-Петербор |
Сан-Петербор (орыс. Санкт-Петербург, Питер) — Ресейдің федералдық мәні бар қала, Солүстік-Батыс федералды аймағының және Ленинград облысының әкімшілік орталығы. 1914 жылдың 31 тамызынан 1924 жылдың 26 қаңтарына дейін -— Петроград, 1924 жылдың 26 қаңтарынан 1991 жылдың 6 қыркүйегіне дейін — Ленинград деп аталған.
Жағрафиясы
Сан-Петербор Ленинград облысындағы Нева өзенінің Фин бұғазына құяр сағасында орналасқан. Тұрғындарының саны 9,50 млн-ға жуық (2018). Сан-Петербор аумағынан 45-тен астам өзен, 40-қа жуық канал өтеді. Портты қала, әуе, автомобиль жолдарының және темір жолдың ірі торабы.
Климаты
Сан-Петербор ауа райы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Көрсеткіш | Қаң | Ақп | Нау | Сәу | Мам | Мау | Шіл | Там | Қыр | Қаз | Қар | Жел | |
Абсолюттық максимум, °C | 8,7 | 10,2 | 15,3 | 25,3 | 33,0 | 34,6 | 35,3 | 37,1 | 30,4 | 20,2 | 11,4 | 10,9 | |
Орташа максимум, °C | −3,2 | −2,9 | 2,1 | 9,3 | 16,1 | 20,2 | 23,0 | 20,9 | 15,2 | 8,6 | 2,3 | −1 | |
Орташа температура, °C | −5,7 | −5,5 | −1 | 5,4 | 11,6 | 16,1 | 19,1 | 17,3 | 12,1 | 6,3 | 0,4 | −3,2 | |
Орташа минимум, °C | −8,1 | −8,2 | −4,1 | 1,5 | 7,1 | 11,9 | 15,1 | 13,6 | 9,0 | 4,0 | −1,5 | −5,4 | |
Абсолюттық минимум, °C | −34,7 | −27,7 | −21,7 | −12,5 | −2,6 | 0,7 | 5,8 | 3,8 | −1,6 | −9,7 | −20,1 | −26,5 | |
Жауын-шашын нормасы, мм | 45,3 | 34,1 | 33,8 | 33,4 | 45,7 | 68,8 | 81,4 | 88,9 | 63,5 | 65,5 | 57,8 | 52,8 | |
Дерекнама: Сан-Петербор - ауа райы мен климаты |
Мәдениеті
Ресей ғылым академиясының ғылыми орталығы, 43 жоғары оқу орны, 120 музей, 18 театр, Салтыков-Щедрин атындағы Ресей ұлттық кітапханасы, машина, станок, аспап, кеме жасау зауыттары, тоқыма фабрикасы, химиялық, түсті және қара металургия комбинаттары бар. Метрополитені 1955 ж. іске қосылған. Қаланы 1703 ж. Петр І салдырған. 1712 — 1918 ж. Ресей астанасы болды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Сан-Петербордың жоғары оқу орындарында бірқатар қазақ интеллигенциясының өкілдері оқыды. Б.Қаратаев, Б.Сыртанов, Ж.Ақбаев, С.Лапин, М.Шоқай, Б.Құлманов Сан-Петербордың Императорлық университетінде, Ә.Бөкейхан Сан-Петербор Императорлық орман институтында, М.Тынышбаев Сан-Петербор Императорлық жол қатынасы институтында, С.Аспандияров пен Х.Досмұхамедов Сан-Петербор Императорлық әскери медициналақ институтында білім алды. Қазақтың алғашқы баспасөздерінің бірі саналатын “Серке” газеті Сан-Петерборда жарық көрді. Бүкілресейлік мұсылмандардың екінші съезі Сан-Петерборда өтті. Бірінші орыс револяциясы, Ақпан революциясы және Қазан төңкерісі Сан-Петерборда басталды. 1918 ж. астана Сан-Петербордан Мәскеу қаласына көшірілді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде қала 29 ай бойы неміс фашистері әскерлерінің қоршауында болды. Сол тұста Сан-Петербор тұрғындарына Қазақстан халқы көп көмек көрсетті. Қаланы жаудан қорғауда көптеген қазақстандықтар ерлікпен шайқасты (Ленинград шайқасы). Ж.Жабаевтың “Ленинградтық өренім!” атты жалынды жыры жауынгерлерді жаумен күреске жігерлендірді. Қазіргі кезде Сан-Петерборда Ж.Жабаев пен Ә.Молдағұлова есімімен аталатын көшелер бар. Петропавл қамалы, Қысқы сарай, Биржа ғимараты, Исаакий соборы, т.б. сәулет өнері ескерткіштері ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енгізілген. 2003 ж. Сан-Петербордың 300 жылдық мерейтойы аталып өтілді. Сан-Петербордағы қазақ диаспорасы 2 мыңға жуық адамды құрайды. Қалада қазақтардың ұлттық орталығы жұмыс істейді.[4]
Экономикасы
Сан-Петербор — Ресей Федерациясының маңызды экономика орталықтарының бірі. Сан-Петербордың экономикалық дамуы, өндіріс және сауда комитетінің мәліметі бойынша, 2012 жылы аймақтық жалпы өнімі 2,138 трлн рубль болған ( 2011 жылы — 2,072 трлн руб.)[5]. Экономикасының негізгі көзі (жақшаның ішінде 2010 жылғы аймақтық жалпы өнімінің бөлігі):
- өндеу өнеркәсібі (24,1 %),
- сауда (18,7 %),
- жылжымайтын мүлікпен операциялар (18,2 %),
- көлік және байланыс (9,9 %),
- құрылыс (7,8 %),
- басқа (21,3 %)[6].
Қаржы нарығы айналымынан Ресейде екінші орын алады. Қалада бірнеше биржа, 42 коммерциялық банк, Сан-Петербор халықаралық банкі, басқа аймақтардың банктерінің 100 шақты филиалы, 400-ден астам брокер компаниясы жұмыс істейді[7].
Галерея
-
Пушкин қаласындағы Екатерина паркі
-
Қазан соборы
-
Мария сарайы
-
Қаланың орталығында орналасқан мұсылман мешіті
-
Александр Невский Лавра
-
Мәскеу алаңы
-
Пулково әуе жайы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Пайдаланылған сілтемелер
- ↑ Администрации Санкт-Петербурга
- ↑ Петербург в цифрах. Официальный портал администрации СПб. Тексерілді, 21 қазан 2011.
- ↑ Солодилов В. В. Транспортно-коммуникационная основа согласованного развития Москвы и Санкт-Петербурга (PDF). Развитие городских агломераций в зоне транспортного коридора Москва — Санкт-Петербург. Фонд «Центр стратегический разработок „Северо-запад“» (2005). Басты дереккөзінен мұрағатталған 21 тамыз 2011. Тексерілді, 11 января 2009.
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
- ↑ Инвестиционный паспорт Санкт-Петербурга. 2013. Комитет по инвестициям Санкт-Петербурга. Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 қаңтар 2014. Тексерілді, 9 қазан 2013.
- ↑ Итоги социально-экономического развития санкт-петербурга за 2011 ж.. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 қараша 2012. Тексерілді, 14 қараша 2012.
- ↑ Банки: Все города: все банки региона Санкт-Петербург. Банки.ру. Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 қаңтар 2012. Тексерілді, 21 қазан 2011.