Мазмұнға өту

Санкт-Петербург

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Федералдық деңгейдегі маңызы бар қала
Сан-Петербор
Сан-Петербор
Ту Елтаңбасы
Ту Логотипі
Әкімшілігі
Ел

 Ресей

Федерация субъектiсі

Сан-Петербор

Ішкі бөлінісі

18 аудан

Губернатор

[1]Александр Беглов

Тарихы мен географиясы
Координаттары

59°57′ с. е. 30°19′ ш. б. / 59.950° с. е. 30.317° ш. б. / 59.950; 30.317 (G) (O) (Я)Координаттар: 59°57′ с. е. 30°19′ ш. б. / 59.950° с. е. 30.317° ш. б. / 59.950; 30.317 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1703

Бұрынғы атаулары

Санкт-Петербург, Петроград, Ленинград

Жер аумағы

1439[2] км²

Биіктігі

3 м

Тұрғындары
Тұрғыны

5 351 935[3] адам (2018)

Агломерация

5,4 млн (2002)

Ұлттық құрамы

орыстар — 84,73 %
украиндар — 1,87 %
белорустар — 1,17 %
еврейлер — 0,78 %
татарлар — 0,76 %
армяндар — 0,41 %

Этнохороним

петербургтық

Ресми тілі

орыс тілі

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 812

Пошта индекстері

190000-199406

ОКАТО коды

40

Басқалары
Ресми емес атауы

Невадағы қала,
Солтүстік Пальмира,
Петров қаласы,
Питер,
Солтүстік астана,
Солтүстік Венеция,
Жарық түн қаласы,
Мәдениеттің астанасы,
Петербург.

gov.spb.ru  (орыс.)

Сан-Петербор картада
Сан-Петербор
Сан-Петербор

Сан-Петербор (орыс. Санкт-Петербург, Питер) — Ресейдің федералдық мәні бар қала, Солүстік-Батыс федералды аймағының және Ленинград облысының әкімшілік орталығы. 1914 жылдың 31 тамызынан 1924 жылдың 26 қаңтарына дейін -— Петроград, 1924 жылдың 26 қаңтарынан 1991 жылдың 6 қыркүйегіне дейін — Ленинград деп аталған.

Географиясы

Сан-Петербор Ленинград облысындағы Нева өзенінің Фин бұғазына құяр сағасында орналасқан. Тұрғындарының саны 9,50 млн-ға жуық (2018). Сан-Петербор аумағынан 45-тен астам өзен, 40-қа жуық канал өтеді. Портты қала, әуе, автомобиль жолдарының және темір жолдың ірі торабы.

Климаты

Сан-Петербор ауа райы
Көрсеткіш Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қыр Қаз Қар Жел
Абсолюттық максимум, °C 8,7 10,2 15,3 25,3 33,0 34,6 35,3 37,1 30,4 20,2 11,4 10,9
Орташа максимум, °C −3,2 −2,9 2,1 9,3 16,1 20,2 23,0 20,9 15,2 8,6 2,3 −1
Орташа температура, °C −5,7 −5,5 −1 5,4 11,6 16,1 19,1 17,3 12,1 6,3 0,4 −3,2
Орташа минимум, °C −8,1 −8,2 −4,1 1,5 7,1 11,9 15,1 13,6 9,0 4,0 −1,5 −5,4
Абсолюттық минимум, °C −34,7 −27,7 −21,7 −12,5 −2,6 0,7 5,8 3,8 −1,6 −9,7 −20,1 −26,5
Жауын-шашын нормасы, мм 45,3 34,1 33,8 33,4 45,7 68,8 81,4 88,9 63,5 65,5 57,8 52,8
Дерекнама: Сан-Петербор - ауа райы мен климаты

Мәдениеті

Ресей ғылым академиясының ғылыми орталығы, 43 жоғары оқу орны, 120 музей, 18 театр, Салтыков-Щедрин атындағы Ресей ұлттық кітапханасы, машина, станок, аспап, кеме жасау зауыттары, тоқыма фабрикасы, химиялық, түсті және қара металургия комбинаттары бар. Метрополитені 1955 ж. іске қосылған. Қаланы 1703 ж. Петр І салдырған. 1712 — 1918 ж. Ресей астанасы болды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Санкт-Петербургдың жоғары оқу орындарында бірқатар қазақ интеллигенциясының өкілдері оқыды. Б.Қаратаев, Б.Сыртанов, Ж.Ақпаев, С.Лапин, М.Шоқай, Б.Құлманов Санкт-Петербургдың Императорлық университетінде, Ә.Бөкейхан Санкт-Петербург Императорлық орман институтында, М.Тынышбаев Санкт-Петербург Императорлық жол қатынасы институтында, С.Аспандияров пен Х.Досмұхамедов Санкт-Петербург Императорлық әскери медициналақ институтында білім алды. Қазақтың алғашқы баспасөздерінің бірі саналатын “Серке” газеті Санкт-Петербургда жарық көрді. Бүкілресейлік мұсылмандардың екінші съезі Санкт-Петербургда өтті. Бірінші орыс револяциясы, Ақпан революциясы және Қазан төңкерісі Санкт-Петербургда басталды. 1918 ж. астана Санкт-Петербургдан Мәскеу қаласына көшірілді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде қала 29 ай бойы неміс фашистері әскерлерінің қоршауында болды. Сол тұста Санкт-Петербург тұрғындарына Қазақстан халқы көп көмек көрсетті. Қаланы жаудан қорғауда көптеген қазақстандықтар ерлікпен шайқасты (Ленинград шайқасы). Ж.Жабаевтың “Ленинградтық өренім!” атты жалынды жыры жауынгерлерді жаумен күреске жігерлендірді. Қазіргі кезде Санкт-Петербургда Ж.Жабаев пен Ә.Молдағұлова есімімен аталатын көшелер бар. Петропавл қамалы, Қысқы сарай, Биржа ғимараты, Исаакий соборы, т.б. сәулет өнері ескерткіштері ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енгізілген. 2003 ж. Санкт-Петербургдың 300 жылдық мерейтойы аталып өтілді. Санкт-Петербургдағы қазақ диаспорасы 2 мыңға жуық адамды құрайды. Қалада қазақтардың ұлттық орталығы жұмыс істейді.[4]

Экономикасы

Сан-Петербор — Ресей Федерациясының маңызды экономика орталықтарының бірі. Сан-Петербордың экономикалық дамуы, өндіріс және сауда комитетінің мәліметі бойынша, 2012 жылы аймақтық жалпы өнімі 2,138 трлн рубль болған ( 2011 жылы — 2,072 трлн руб.)[5]. Экономикасының негізгі көзі (жақшаның ішінде 2010 жылғы аймақтық жалпы өнімінің бөлігі):

  • өндеу өнеркәсібі (24,1 %),
  • сауда (18,7 %),
  • жылжымайтын мүлікпен операциялар (18,2 %),
  • көлік және байланыс (9,9 %),
  • құрылыс (7,8 %),
  • басқа (21,3 %)[6].

Қаржы нарығы айналымынан Ресейде екінші орын алады. Қалада бірнеше биржа, 42 коммерциялық банк, Сан-петербор халықаралық банкі, басқа аймақтардың банктерінің 100 шақты филиалы, 400-ден астам брокер компаниясы жұмыс істейді[7].

Галерея

Петр-Павел бекетіне Нева өзені жағынан көрініс
Дворцовая алаңы

Пайдаланылған cілтемелер

  1. Администрации Санкт-Петербурга
  2. Петербург в цифрах. Официальный портал администрации СПб. Тексерілді, 21 қазан 2011.
  3. Солодилов В. В. Транспортно-коммуникационная основа согласованного развития Москвы и Санкт-Петербурга (PDF). Развитие городских агломераций в зоне транспортного коридора Москва — Санкт-Петербург. Фонд «Центр стратегический разработок „Северо-запад“» (2005). Басты дереккөзінен мұрағатталған 21 тамыз 2011. Тексерілді, 11 января 2009.
  4. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
  5. Инвестиционный паспорт Санкт-Петербурга. 2013. Комитет по инвестициям Санкт-Петербурга. Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 қаңтар 2014. Тексерілді, 9 қазан 2013.
  6. Итоги социально-экономического развития санкт-петербурга за 2011 ж.. Басты дереккөзінен мұрағатталған 19 қараша 2012. Тексерілді, 14 қараша 2012.
  7. Банки: Все города: все банки региона Санкт-Петербург. Банки.ру. Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 қаңтар 2012. Тексерілді, 21 қазан 2011.