Үйгентас жайлауы
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Үйгентас жайлауы — Алакөл ауданы Тентек өзенінің жоғарғы жағындағы Лепсі ауылынан Шығысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан.
Тарихы
Бұл жерде 1723- 1724 жылдары Қаракерей Қабанбай бастаған қазақтар мен жоңғарлар арасындағы тарихи шайқас нәтижесінде қазақ жері жоңғар басқыншыларынан азат етілді. Шұбарағаш Ойжайлау жеріндегі тас қорғандар жоңғарларды жеңудің айрықша көрінісін және шекара аумағындағы қорғаушылардың ерлік шежіресі іспетті.
Аңыз
Халық аңыздарында айтылатындай, Қабанбай бастаған қол жоңғарларды қалай тұтқынға аламыз деп кеңесіп, жоңғарларды қазақ жеріне қайта келместей етуді ұйғарады. Оларға үлкен бір шұңқырға өздері көтере алатын бір-бір тасты тастап, енді қайтып осы шекарадан өтпеуге ант берсін деп бұйрық береді. Жоңғарлардың көп болғандығы сонша, үйілген тас тауға айналады. Деректердің бірінде Қабанбай батырдың бұл жақта да болғандығын хабар береді. Сөйтіп, қазақ батырлары жауды бір жағы Жоңғар қақпасы мен тау-жоталары, екінші жағы Үйгентас үстірті арқылы Қытай жеріне дейін қуып, біржола тізе бүктіреді. 1846 жылы бұл жерде үлкен орданың бес руы арасында Ресейге қосылу жөнінде бейбіт шартына қол қойылды. Шартқа қол қойылғаннан кейін бұл жерде бекет орналасып, оған жақын жерден уездік қала Лепсі бой көтерді. [1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары –Астана: Фолиант, 2017 ж., 338 бет;