Белдемше

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
15:05, 2016 ж. қаңтардың 11 кезіндегі Racconish (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (img)
Навигацияға өту Іздеуге өту
Белдемше
The Evoltion of the skirt, Harry Julius, 1916

Белдемше, юбка — дененің төменгі жағын жабатын әйелдердің киім-кешек бұйымы.[1] Белдемше барқыттан, әр түрлі жібек маталардан тігіліп, жиегі айнала кестемен немесе құндыз терісімен көмкеріледі, түрлі әшекейлермен безендіріліп, белі қапсырмамен түймеленеді. Үй шаруасында жүргенде алға байлап алатын алжапқышты да “белдемше” деп атайды.[2]

Дәстүрлі белдемше

19 ғасырдың аяғына дейін қазақ әйелдерінің белдемшесі ойын-сауық кезінде көйлек сыртынан киілген. Белдемшенің алдыңғы өңірлері бір-біріне түйісіп тұрады да, белінен төмен қарай кеңи береді.Белдемшені көйлектің етегін түгел жаппайтындай етіп тігеді.

Үй шаруасында киілетін белдемше жалаң қабат күйінде, түрлі-түсті шыттан тігіп, мал сауғанда, тамақ даярлағанда тазалық үшін киіледі.

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8