Жүрекше

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
12:20, 2014 ж. маусымның 6 кезіндегі ArystanbekBot (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (clean up, replaced: сөздігі/ → сөздігі /, - Алматы: → — Алматы:, "Сөздік-Словарь" → «Сөздік-Словарь», 2009. ISBN → 2009 жыл. ISBN using AWB)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жүрекше (lang-el|atrium) — қанды вена қан тамырларынан қабылдап, жүрекше-қарынша (атрио-вентрикулалы) тесіктері арқылы оны жүрек қарыншаларына айдайтын жүректің бөлімі. Жүректе оң және сол екі жүрекше болады. Оң жүрекшеге вена қаны денедеғі үлкен қан айналым шеңберінен алдыңғы және артқы (адамда - жоғарғы және төменгі) қуыс веналары, ал сол жүрекшеге артерия қаны өкпедегі кіші қан айналым шеңберінен өкпе веналары арқылы құйылады. Жүрекшенің қабырғасын үш қабық: ішкі — эндокард, ортаңғы — миокард, сыртқы — эпикард (сірлі қабық) құрайды. Эндокардтың ішкі бетін эндотелий астарлайды. Оның астындағы эндотелийасты қабатында өткізгіш кардиомиоциттер орналасады. Миокард беткей және терең бұлшықет қабаттарынан тұрады. Беткей қабат оң және сол жүрекшелерді сыртынан сақина тәрізді қаптайтын, екеуіне ортақ қабат. Ал терең қабат әрбір жүрекшеде жекелей ұзыннан орналасады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9