Білге Құтылық
Білге Құтылық, Елтеріс (шамамен 650 — 691) — Екінші Шығыс Түрік қағанатының алғашқы қағаны. Өз есімі —Құтылық, Елтеріс Білге — лауазымы. 682 — 687 ж. шығыс түркілер Қытайға қарсы азаттық күрестің нәтижесінде өз мемлекеттерін қайта құрады. Күлтегін жазбасы бойынша, Б. Қ. “Тудун” лауазымында қытайларға, оғыздарға, хуригандарға, қырғыздарға, хятандар мен татабилерге қарсы 47 жорық жасап, ірі-ірі 20 шайқаста түркілер қолын бастап жеңіске жеткен. Б. Қ-тың әкесі де Ашина тайпасын бастап жорыққа қатысқан. Б. Қ. 687 ж. Орхон өз. бойында қаған болып сайланып, “Елтеріс Білге қаған” (“Елінің басын қосқан білгір данышпан”) деген лауазымға ие болады. Б. Қ. ел ордасын ежелгі Өтүкенге (Отгон тэнгэр) тігеді. Б. Қ. тұсында Шығыс Түркі қағанаты территориясы Алтайдан Шығыс Моңғол құмына (Инь Шань жотасы) дейін созылды. Б. Қ. қайтыс болған соң, таққа інісі Қапаған (693 — 716) отырды. Білге қаған ескерткішінде түркі халқын біріктіріп, іргелі ел еткен Б. Қ. жайында құнды деректер берілген.[1]
Пайдаланылған әдебиет
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
“Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |